RU
Толық нұсқаға өту

Непалда су тасқынынан 160 адам көз жұмды

27.08.2026, 07:28 38

Непалда алапат тасқын болып, 160 адам опат болды.

Тағы 403 адам із-түзсіз жоғалған. Оның 341-і шетелдік. Атап айтқанда, Үндістан, АҚШ, Ұлыбритания және Малайзияның азаматтары. Непал туристік кеңесі өкілінің айтуынша, 133 үндістандық Тибеттегі Кайлаш тауына зиярат етуге барған. Сондай-ақ 47 туристің американдық екені анықталды. Мамандар тасқынға Гималай тауындағы мұздықтардың еруі себеп болғанын айтады. Қар көшкінінің арты тасқынға ұласып, непал-қытай шекарасына жақын орналасқан Гиронг портын шайып кетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz