Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
бастаған саяси реформалар Қазақстанның тұрақты дамуы мен өсіп өркендеуіне жол ашты. Белгілі инвестор Халед Мүбарак әл Кенди осылай дейді. Кейінгі 15 жылдан бері елімізде әлеуметтік жобалармен айналысатын бизнес құрылым жетекшісі билік жүйесіндегі өзгерістерді құба-құп көріп отыр. Өйткені қай-қайсы да экономика салаларында ұзақмерзімді тұрақтылыққа әкеледі. Әмірлік кәсіпкерінің айтуынша, жаңа парламент арқылы сол үдеріс лайықты жалғасын тауып, сырт елдермен екі жақты ынтымақтастық мол нәтиже беруге тиіс.
Халед Мубарак Әл Кенди, Emirates Global Education Investment Group білім беру орталығының бас директоры:
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен жүзеге асып жатқан өзгерістерді стратегиялық мәні жоғары бастама дер едім. Ол Қазақстанды экономикалық және саяси реформалардың жаңа жүйесіне алып келеді. Біз үшін де маңызы зор. Қазақстанмен тығыз қарым-қатынастамыз. Бұл жерде тұрақты даму мен өркендеудің бастауы жатыр. Келешекте байланысымыз екіжаққа да тиімді бағыттарда нығая түсері анық. Жаңа Парламент инвесторларды кешенді қолдайды деген сенімдемін.
Тегтер #саяси реформалар #даму #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz