Әлемде жастар арасында жұмыссыздық деңгейі артып келеді.
Халықаралық Еңбек ұйымының дерегіне сүйенсек, 15 пен 24 жас аралығындағы 67 миллион адамның тұрақты жұмысы жоқ. Сарапшылар орта деңгейдегі біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының азайып жатқанын айтады. Олардың қатарында іс жүргізу, әкімшілік жұмыс, сауда және өндіріс салаларындағы қызметтер бар. Әдетте мектеп немесе жоғары оқу орнын енді бітірген жастар еңбек нарығына алғашқы қадамын осы салалардан бастайды. Алайда технологиялар мен жасанды интелекті дамыған сайын жаңа мамандықтар да көбейіп келеді. Мамандар жастарды үздіксіз білім алуға инвестиция салуға және заманға сай жаңа дағдыларды игеруге шақырады. Дүниежүзілік экономикалық форумының дерегіне сүйенсек, 2030 жылға қарай әлемде 92 миллион жұмыс орыны жойылып, 170 миллион жаңа еңбек орыны пайда болады.
Тегтер #әлемде #жастар #жұмыссыздық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz