АҚШ стратегиялық маңызы бар электр жүйелерінде қолданылатын
бірқатар шетелдік жабдықтың импортына тыйым салды. Тиісті жарлыққа Президент Дональд Трамп қол қойды. Вашингтон бұл қадамды энергетикалық инфрақұрылымды сыртқы ықпалдан қорғау қажеттігімен түсіндіріп отыр. Ақ үйдің мәлімдеуінше, шетелде өндірілген мұндай техника мен оған орнатылған цифрлық жүйелер киберқауіп төндіруі мүмкін. Билік олардың көмегімен энергетикалық нысандардың жұмысына қашықтан араласу қаупі бар деп есептейді. Жаңа талаптар ірі электр желілері мен станцияларда қолданылатын технологияларды қамтиды. Айта кетейік, бұған дейін Еурокомиссия да мемлекеттік қаржы есебінен жүзеге асатын энергетикалық жобаларда Қытай инвесторларын пайдалануға шектеу қойған еді.
Тегтер #АҚШ #электр желісі #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz