RU
Толық нұсқаға өту

Непалда тасқыннан қаза тапқандар саны 359-ға жетті

27.08.2026, 21:00 42

Непал мен Тибет шекарасындағы алапат су тасқынынан хабарсыз кеткендер арасында Қазақстанның 2 азаматы бар.

Олар туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Қазақстандық дипломаттар жергілікті органдармен бірге іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табиғи апаттан опат болғандар саны 359-ға жетті. Мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Оқшауланып қалған мыңдаған тұрғынға азық-түлік және аса қажетті заттар тікұшақпен жеткізіліп жатыр. Қазір 10 мың отбасы жедел көмекке мұқтаж. Билік із-түссіз жоғалып кеткендер арасында Үндістан мен Қытай азаматтары көп екенін мәлімдеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz