RU
Толық нұсқаға өту
фото: haberler.com

Түркияда діни ұйым жетекшісі мен оның жұбайы қамауға алынды

28.08.2026, 09:33 7

Түркияда «Фуркан» қорының жетекшісі Альпарслан Куйтул мен оның жұбайы қаржылық қылмыстарға қатысты іс бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды 24KZ Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.

19 тамызда Адана прокуратурасы мен провинциялық қауіпсіздік басқармасы жүргізген тергеу аясында полиция бір мезетте алты провинцияда операция өткізген.

Тінту барысында Куйтулдың үйі және басқа да күдіктілердің үйлері тексеріліп, барлығы 56 адам ұсталды. Олардың қатарында Альпарслан Куйтул мен оның жұбайы Семра Куйтул да бар.

Күдіктілерге «қылмыстық ұйым құру және оған жетекшілік ету», «қылмыстық ұйым мүшесі болу», ақша жылыстату, алаяқтық жасау, ресми құжаттарды қолдан жасау және Салық кодексі талаптарын бұзу бойынша айыптар тағылып отыр.

Полициядағы тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін күдіктілер сотқа жеткізілді. Прокуратура 44 адамды қамауға алуды, ал тағы тоғыз күдіктіге сот бақылауын қолдануды сұраған.

Сот шешімімен Альпарслан Куйтул мен оның жұбайы Семра Куйтул қамауға алынып, түрмеге жіберілді. Қалған күдіктілерге қатысты сот үдерісі жалғасып жатыр.

Айта кетейік, «Фуркан» қоры (Furkan Vakfı) — Альпарслан Куйтулдың жетекшілігімен Адана қаласында құрылған діни бағыттағы ұйым. Қор өз қызметінің Құран қағидаларына негізделген білім беруге, жас ұрпақты тәрбиелеуге және ислам мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын мәлімдейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz