RU
Толық нұсқаға өту

Альпі мұздықтарына жойылу қаупі төніп тұр

28.08.2026, 09:59 320

Алдағы 60-70 жылда Альпі тауларындағы мұздықтардың 97 пайызы еріп кетуі мүмкін. Бұл туралы New Scientist журналы хабарлады. 

Биылғы ыстықтан Швейцарияның оңтүстігіндегі Рона тау массивіндегі мұздықтар қатты жұқарған. Бір жазда 9 метрге азайды. Бұл шамамен 12 мың Олимпиада бассейнін толтыратын су көлеміне тең. Жаһанда Дүниежүзілік мұра тізіміне енген мұздықтар жыл сайын 58 млрд тонна мұз жоғалтады екен. Кейінгі 50 жылда Швейцарияда мыңнан астам мұздық жойылған. Мамандар тағы 30-ға жуығы жыл соңына дейін толық еріп кетуі мүмкін екенін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz