RU
Толық нұсқаға өту

Непал мен Қытай шекарасында апат қайталануы мүмкін

28.08.2026, 23:30 39

Қытайда Непалмен шекаралас аймақтағы іздеу-құтқару жұмыстары шұғыл түрде тоқтатылды.

Өңірде табиғи апат қайталануы мүмкін. Әуеден жүргізілген барлау нәтижелері шатқалдың жоғары бөлігінде көлемі 2,5 миллион текше метр су жиналып тұрғанын көрсетті. Қазір құтқарушылардың өздері  жаппай қауіпсіз жаққа қашып жатыр. Ал осы уақытқа дейін жүргізілген іздеу жұмыстары кезінде Қытай территориясынан 5 адамның мәйіті табылды. Тағы із-түзсіз жоғалған 558 адам іздестірілуде. Қытайлық сарапшылар апаттың неден болғанын атады.

Го Чжаочэн, Қытайдың табиғи ресурстар министрлігінің сарапшысы:

- Алапат лай көшкінін мұздықтардың опырылуы тудырған. Жүргізілген мониторингке сәйкес лай мен тас аралас су төменге небәрі 7 минутта жеткен. Енді қазір тағы қауіп төніп тұр. Әуеден барлау нәтижелері таудың жоғары бөлігіндегі қос өзеннің түйіскен жерінде 2,5 миллион текше метр су жиналып тұрғанын көрсетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz