Иран экономикасы дағдарысқа ұшырады. АҚШ енгізген жаңа санкциялардан елдің экспорт және импорт көлемі 35 пайызға азайған.
Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді. Бұған дейін Тегеран әлемдік нарыққа шамамен 90 миллион баррель мұнай жеткізіп үлгерген. Қазір бұл көрсеткіш әлдеқайда аз. Шілде айында елдегі жылдық инфляция деңгейі 66 пайызға жеткен. АҚШ-тың кейінгі санкцияларына Иранның 60-қа жуық компаниясы, жеке тұлғалары мен кемелері ілікті. Вашингтон «олардың мұнайдан түсетін табысқа, ядролық технологияларды сатып алуға және кибероперацияларға қатысы бар», - деп мәлімдеді. Бұдан бөлек, АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен іскерлік байланысын үзбеген басқа да елдерге екінші деңгейлі санкция енгізетінін ескертті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz