Непалдағы алапат тасқыннан кейін апат аймағын қайта қалпына келтіруге 5 миллиард долларға дейін қаражат қажет болуы мүмкін.
Мұндай болжамды елдің Қаржы министрі жариялады. Табиғи апат салдарынан үйлер, жолдар мен көпірлер қирап, су электр станциялары зақымданған. Қазір шамамен 100 мың адамға шұғыл көмек қажет. Бұл тұста Канада билігі Непалға гуманитарлық көмек ретінде 5 миллион доллар бөлді. Қаражат Қызыл Крест пен Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдары арқылы бағытталады. Бұған дейін Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Швейцария және Үндістан да елге қолдау көрсететінін мәлімдеген еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Непал #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz