RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ ғарыш академиясын құрады

30.08.2026, 08:00 24

АҚШ-та Ғарыш академиясы құрылады.

Жарлыққа Дональд Трамп қол қойды. Хьюстонға сапары барысында АҚШ президенті жаңа оқу орыны әскери мамандарды, инженерлерді, ғалымдарды, азаматтық сала кадрларын және ғарышкерлерді даярлайтынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, Академия елдің ғарыш күштерін дамыту және Ай мен Марсқа жоспарланған миссияларды орындайтын білікті маман даярлау үшін қажет. Әзірге университеттің нақты қай жерде орналасатыны белгісіз. Бұған дейін NASA Марсқа ұшу үшін ядролық қозғалтқышпен жабдықталған ғарыш кемесін жасап шығаруға ниетті екенін хабарлаған еді. Оны ұшыру 2028 жылға жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz