Әлемде климаттың жылынуынан мұздықтар тез еріп жатыр.
Бұл таулы аймақтардағы тұрақтылықты әлсіретіп, мұздықтардың опырылу қаупін арттыруы мүмкін. Непалда болған жойқын сел де мұздықтың опырылуынан туындаған. Мамандар Еуропада да мұндай қауіптің барын айтады. Швейцарияда 1850 жылдан бері шамамен мың мұздық жойылған. Қазір Вайссхорн мұздығы бақылауда тұр. Осы аптада онда үш шағын опырылу болған. Әзірге тұрғындар үшін қауіп жоқ. Дегенмен, туристік және велосипед жолдары жабық.
Тегтер #Непал #апат #мұздықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz