RU
Толық нұсқаға өту
фото: life.ru

Кипрде паром апатынан кейін үш күндік аза тұту жарияланды

31.08.2026, 17:08 22

Кипрде паромның апатқа ұшырауына байланысты 31 тамыздан бастап үш күндік аза тұту жарияланды. Оқиға салдарынан кемінде сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, паром бортында 267 жолаушы болған. Қазір 241 адам құтқарылды. Сегіз адам қаза тапқан. Тағы 18 жолаушы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Оларды іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Апаттың нақты себебі «қара жәшіктерді» зерттегеннен кейін белгілі болады. Қазір билік Кипр жағалауында суға кеткен паромның белгісіз нысанмен соқтығысуы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.

Апатқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында сегіз адам, оның ішінде суға кеткен паромның капитаны ұсталды.

Айта кетейік, 30 тамызда Кипр жағалауында 267 жолаушысы бар паром аударылып кеткен болатын.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, апатқа ұшыраған кеменің бортында Қазақстан азаматтары болмаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz