RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Таиландта туристердің визасыз жүру мерзімі 30 күнге қысқармақ

01.09.2026, 10:37 25

Таиландта шетелдік туристердің визасыз болу мерзімі 60 күннен 30 күнге қысқарады, деп хабарлайды 24KZ ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа тәртіп 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Таиланд Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 15 шілдеде қабылданған қаулының күші жойылады. Ол құжат бойынша 93 ел мен аумақтың азаматтарына туристік және қысқа мерзімді іскерлік сапарлар үшін Таиландта 60 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілген еді.

Енді Таиланд билігі туристік мақсатта елге 30 күнге дейін визасыз кіруге мүмкіндік берілетін 60 ел мен аумақтың жаңа тізімін бекітті. Қазақстан бұл тізімге енбеген.

Жаңа талап бойынша құрлықтағы өткізу бекеттері арқылы елге кіретін туристер визасыз режимді күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық пайдалана алмайды. Бұл шектеу Бруней, Индонезия, Малайзия және Сингапур азаматтарына қолданылмайды.

Ал халықаралық әуе рейстерімен Таиландқа келетін туристер үшін визасыз кіру санына шектеу қойылмайды. Дегенмен көші-қон қызметі визасыз режимді теріс пайдаланған немесе елге туристік емес мақсатпен келген адамдарға кіруге рұқсат бермеуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz