RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иранға шабуылды жандандыруы мүмкін

01.09.2026, 12:09 21

Бұл туралы президент Дональд Трамп журналистер алдында мәлімдеді. Бірақ ол жаңа соққылардың шектеулі болатынын ескертті.

Сонымен қатар Ақ үй басшысы Ислам республикасына қарсы ядролық қару қолданбайтынын жеткізді. «Иран қазірдің өзінде үлкен әскери және экономикалық шығынға ұшырады» - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, жақында Вашингтон бірнеше апта үнсіздіктен кейін алғаш рет Ирандағы нысандарды атқылаған болатын. Бұл жолы Ормуз бұғазындағы Ларак аралында орналасқан 2 ату қондырғысы нысанаға алынды. Тегеран шабуыл салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 2-уі жараланғанын хабарлады. Иран да қарап қалмай, АҚШ-тың Иордания мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әскери базаларын зымыранмен атқылады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz