RU
Толық нұсқаға өту

Иран атысты тоқтатудың шарттарын атады

01.09.2026, 21:48 36

Вашингтон өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы талаптарды сақтаса, Тегеран өз міндеттемелерін орындауға дайын. 

Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында мәлімдеді. Масуд Пезешкиан Иранның дипломатиялық жолды жалғастыруға дайын екенін атап өтті. Маусым айында жасасқан уақытша келісім әскери қимылдарды тоқтатуды, теңіз блокадасын жеңілдетуді және Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз кеме қатынасын қалпына келтіруді көздеген еді. Алайда тараптар арасындағы келіспеушіліктерге байланысты бұл жүзеге аспай қалды. Таяуда АҚШ пен Иран тағы бір-біріне соққы жасады. Құрама Штаттар Ларак аралына шабуылдағанын хабарлады. Бұған жауап ретінде Ислам мемлекеті Иорданиядағы Американың әскери әуе базаларын атқылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz