RU
Толық нұсқаға өту

Непалда табиғи апаттан көз жұмғандар саны 1127 адамға жетті

02.09.2026, 11:00 40

Непалда тасқын мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 1 мың 127 адамға жетті.

Бұл туралы ел полициясы хабарлады. Құрбандардың тек 4 пайызының жеке басы анықталды. Тағы 4 мыңнан астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Сонымен қатар Тришули өзенінің бойындағы бірнеше су электр станциясы опырылып, қиранды астында 600-ден астам жұмысшы қалды. Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея мен Австралиядан барған мамандардан құралған құтқарушылар тобы қазір оларды іздеп табуға әрекет жасап жатыр. Жалпы елде 11 су электр стансасы қираған. Естеріңізге сала кетейік, Непалдың солтүстігінде алапат су тасқыны 26 тамызда басталған. Үкімет аталған аймақта 3 айға төтенше жағдай жариялады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz