RU
Толық нұсқаға өту

Сәбиін АҚШ-та дүниеге әкелу үшін Америкаға барып босанатындарға тосқауыл қойылады

02.09.2026, 14:17 37

Америка Құрама Штаттары балаларға төлқұжат беру ережесін қатаңдатуы мүмкін.

 Мұндай бастаманы АҚШ Мемлекеттік департаменті көтерді. Енді ата-аналар американдық төлқұжатын, туу туралы куәлігін немесе иммиграциялық мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Бұған дейін өтініш беру кезінде мұндай мәліметтер талап етілмеген. Жаңа құжат "босану туризміне" қарсы бағытталып отыр. Яғни сәбиін АҚШ-та дүниеге әкелу үшін елге арнайы әрі уақытша келетін шетел азаматтарының кіруіне шектеу қою көзделіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz