Израиль Газа секторында арнайы әскери операция өткізіп ХАМАС ұйымының жоғары шенді өкілін қолға түсірді.
Ол қозғалыстың ішкі қауіпсіздік қызметін басқарған. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Қамауға алынған ХАМАС өкілінің 2023 жылдың қазанындағы Израильге жасалған шабуылға және тұтқындарды кепілдікке алуға қатысы болған. Қазір одан жауап алынып жатыр. Осы операция кезінде Израиль әскері Газа қаласының батысы мен солтүстігін бомбалаған. Бұл аудандарда баспанасынан айырылған босқындар тұратын. Шабуыл салдарынан 6 адам қаза тапты. Негізі былтыр қазанда бейбіт бітім күшіне енген еді. Бірақ Тель-Авив Газаға соққы жасауды тоқтатар емес. Израиль билігі бұл палестиналық қарулы топтардың шабуылдарына қарсы тұру үшін қажет дейді.
Тегтер #ХАМАС #өкіл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz