RU
Толық нұсқаға өту

Кубада туризм саласы тығырыққа тірелді

02.09.2026, 23:02 35

Кубада туризм саласы шатқаяқтап қалды. Елдің Ұлттық статистика басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл 7 айда бостандық аралына 419 адам ғана саяхаттап барған. 

Бұған АҚШ-тың қатаң экономикалық саясаты себеп. Жыл басында Президент Трамп Кубаға мұнай тасымалын шектеп тастады. Бостандық аралында энергетикалық дағдарыс орнап, инфляция шарықтады. АҚШ-тың қаржы жүйесіне тәуелді банктерге қауіп төнді. Қазір халық Visa және Mastercard карталарын пайдалана алмайды. Елде авиаотын да қат. Сондықтан ел рейстерді қысқартуға мәжбүр. Туризм – Кубаның негізгі табыс көзі саналады. Мәселен, 2019 жылы аралға 4 млн-нан аса турист барған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz