Боливия полициясы заңсыз кен өндірумен айналысқан 18 адамды қамауға алды.
«Рейтер» агенттігі сілтеме жасаған билік өкілдерінің хабарлауынша, күдіктілердің 11-і – Қытай азаматтары, қалғаны – жергілікті тұрғындар. Полицияға заңсыз топтың әрекеті туралы шағымды аймақ әкімшілігі мен кен саласының өкілдері түсірген. Топ ұзындығы 50 метр тереңдікке дейін жетіп үлгерген. Операцияны Экологиялық қылмыспен күрес жөніндегі арнайы күштер өткізді. Орынды тінту кезінде динамит және басқа жарылғыш заттар тәркіленген.
Тегтер #Боливия #кен өндіру #шетелдіктер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz