Николас Мадуроның қорғаушылары Нью-Йорк сотынан оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Мамандар: «Мадуроның елінен қудалануының өзі халықаралық құқыққа сай емес», - деп мәлімдеді. Адвокаттар: «Ол айып тағылған күні Венесуэланың президенті болды, сондықтан бұл іс бойынша АҚШ-тың есірткі терроризмі туралы заңын қолдану Конгрестің өз өкілеттігін асыра пайдалануын білдіреді», - деп отыр.
Еске сала кетсек, 3-ші қаңтарда АҚШ күштері Каракаста арнайы операция жүргізіп, Мадуро мен зайыбын ұстап әкеткен еді. Кейін америкалық сот екеуіне есірткі саудасына қатысы бар деген айып тақты. Алайда олар мұны теріске шығарып отыр. Сот негізгі тыңдауларды 2027 жылдың 1 маусымына белгіледі.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz