Өзбекстанда елден декларациясыз алып шығуға болатын қолма-қол валютаның шекті мөлшерін 10 мың АҚШ долларына дейін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір азаматтар 100 млн сумға дейінгі қолма-қол ақшаны декларация толтырмай алып шыға алады. Бұл шамамен 8,45 мың долларға тең.
Жаңа өзгеріс «Жаңа Өзбекстанның кедені – 2030» стратегиясында қарастырылған. Тиісті заң жобасын 2027 жылғы желтоқсанға дейін әзірлеу жоспарланып отыр.
Белгіленген шектен асатын қолма-қол қаражатты алып шығу кезінде оны кедендік декларацияда көрсету қажет.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #доллар #Өзбекстан #декларацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz