RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда тегін тамақтан 1700 оқушы уланып қалды

03.09.2026, 20:10 36

Индонезиядағы мектептерде тегін таратылған тамақтан 1700 оқушы мен мұғалім уланып, ауруханаға түсті. Оқиға Ява аралындағы оқу орындарында болды.

Балаларға үкімет бағдарламасы бойынша тегін түскі ас берілген. Оны ішкен оқушылар өздерін жайсыз сезінген. Қазір көбі ауруханада әлі ем-дом алып жатыр. Жергілікті ұйымдар жағдайды реттеу үшін жобаны уақытша тоқтата тұруды ұсынды. Бағдарлама былтыр ондаған миллион баланы тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін іске қосылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz