Қытайдың ЧжэцзЯн провинциясында су тасқынынан 2 жарым мың мұғалім мен оқушы мектеп ауласынан шыға алмай қамалып қалды.
Рейтердің хабарлауынша, бұған «СаудЕль» дауылы салдарынан болған күшті нөсер себеп. Жер арқылы қатынас үзілген соң құтқарушылар адамдарға су, тамақ және дәрі-дәрмек жеткізу үшін дрондардың көмегіне жүгінді. Аймақта дауыл биыл үшінші рет соқты. Желдің екпіні секундына 23 метрге жеткен. Қолайсыз күн райына байланысты кәсіпорындардың жұмысы тоқтады. Синоптиктер жаңбыр әзір толастамайды, сондықтан су тасқыны әлі күшеюі мүмкін деп ескертті.
Тегтер #24KZ #Қытай #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz