Торонтодағы күшті дауылдан 70 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Желдің жылдамдығы кей жерлерде сағатына 100 шақырымға жеткен. Қолайсыз күн райына байланысты қаланың негізгі магистральдарының бірі жабылып, қоғамдық көлік қатынасы тоқтады. Торонтодағы халықаралық әуежайда да ондаған рейс кейінге шегерілді.
Билік төтенше жағдайлар орталығын іске қосты. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Синоптиктердің болжауынша, дауыл шығысқа қарай жылжып барады. Алдағы күндері Онтарионың кей аудандарында қатты дауыл түруы мүмкін.
Тегтер #Канада #жарық #әлем жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz