RU
Толық нұсқаға өту

Трамп: Иранға қарсы шабуылды жандандыру дұрыс шешім болды

04.09.2026, 09:00 36

"Иранға қарсы шабуылдарды қайта жандандыру дұрыс шешім болды, бұл Тегеранға ядролық қаруға ие болуға мүмкіндік бермеді". Жергілікті телеарнаға берген сұхбатында  Ақ үй басшысы Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Ал вице-президент Джей Ди Вэнс АҚШ Ирандағы үйлену тойы кезінде жасалған шабуыл бойынша тергеу жүргізетінін жеткізген.

Оның айтуынша, Америка әскері бейбіт тұрғындарды қасақана нысанаға алмаған. Вэнс "тергеу нәтижесінде Вашингтонның кінәсі дәлелденсе, Ақ үй жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын" деді.  Иран да АҚШ-тың Парсы шығанағы елдеріндегі әскери базаларын атқылауды жалғастырып жатыр. Кейінгі кездері Ирак, Иордания, Бахрейн, Кувейт пен Араб Әмірліктеріндегі америкалық нысандарға соққы жасалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz