Сирияда бұрынғы президент Башар Асад кезіндегі химиялық қаруларды жою басталы. Бүгінге дейін 42 әуе бомбасы жойылған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану жөніндегі жоғарғы комиссары Ид-зуми Нака-мицу мен араб елінің өкілдері,.. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Өткен айда халықаралық қауымдастық пен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның инспекторлары Сирияға барып, тексеріс жұмыстарын жүргізген болатын. Инспекторлар Асадтың билігі кезінде елдің әскери-әуе күштері халыққа қарсы жүйкені тырыстыратын зАрин газы мен хлорды қолданғанын айтады.
Тегтер #Сирия #химиялық қару #әуе бомбасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz