Франция мұражайлары 1 жарым миллион еуро шығынға батты. Бұған аптап ыстыққа байланысты жұмыс сағатының қысқаруы себеп. Le Monde басылымының хабарлауынша, бәрінен де Лувр қаржылық қиындыққа тап болды. Оған келушілер қатары былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға азайды.
Бұдан бөлек, 60 мың билеттің күшін жоюға тура келген. Сонымен қатар Версаль, ескерткіштердің ұлттық орталығы мен Гран-Пале көрме залы да қыруар шығынға ұшырады. Айта кетейік, биыл Францияда кейінгі 126 жылда болмаған ең ыстық жаз тіркелді. Елде 50 күн бойы күн шыжып тұрды. Мамандар: "Бұл – тарихта бұрын-соңды болмаған құбылыс", - дейді.
Тегтер #Франция #мұражай #шығынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz