RU
Толық нұсқаға өту

Албанияда орман өртеніп жатыр

05.09.2026, 13:50 33

Албанияның оңтүстік-батысында орман өртеніп жатыр. Үш адам түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Рейтер агенттігінің мәліметіне қарағанда, тілсіз жау Фиери округіндегі тұрғын үйлерге жақындап қалған. Қазірдің өзінде кемінде үш үй өртеніп кетті. Полиция мен төтенше жағдай қызметтері тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіріп жатыр. Қатты түтінге байланысты билік теміржол қатынасын уақытша шектеп, автокөлік бағыттарына өзгерістер енгізуге мәжбүр болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz