RU
Толық нұсқаға өту

Грекияда ұшақ апатқа ұшырады

06.09.2026, 09:00 35

Грекияда әуе шоуы кезінде 2 ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Associated Press хабарлаған. Апат Афинадан алыс емес Танагра әуе базасында болды.

F-4 Phantom атқыш ұшағы аспанға сәл көтерілген сәттен жылдамдығын жоғалта бастаған. Ол бірден жерге құлап, жарылды. Өрт сөндіруге 85 маман, оннан астам ұшақ пен тікұшақ тартылған. Көрермендер арасында жараланғандар жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша ұшқыштар апат кезінде шұғыл жерге қону жүйесін қосып үлгермеген. Олар әуе кемесін адамдар жиналған орын мен тұрғын үйлерден аулаққа әкетуге әрекет қылған. Тергеу жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz