АҚШ пен Иран бір-біріне тағы да соққы жасады. Бұл жолғы қарулы қақтығыс Ормуз бұғазы бойынша жалғасқан. Рейтердің хабарлауынша, Америка әскері парсы еліне тиесілі 3 кемені атқылады.
Біреуі Иранның басты мұнай экспорты терминалына жақын Харг аралының маңында болған. АҚШ Орталық қолбасшылығы шабуылдалған танкерлердің Ислам Республикасының Сақшылар Корпусы және солардың аймақтық одақтастарымен байланысы бар дейді. Тегеран да қарап қалмай, Вашинтонға қатысы бар 6 кемеге соққы жасады. Иран АҚШ шабуыл жасауын тоқтатпаса, бұдан да қатал шараларға баратынын ескертті.
Тегтер #24KZ #АҚШ Иран #мұнай танкері #Ормуз бұғазы #атқылауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz