Google компаниясы да Жасанды интелектінің жаңа моделін ойлап тапты. WeatherNext 3 деп аталатын қолданба жерсеріктерінің мәліметін шынайы уақыт бойынша өңдеп, метеорология болжамдарын сағат сайын жаңартып отырады.
Басты мақсат – синоптикалық деректердің дәлдігі мен жылдамдығын барынша жоғарылату. Мамандар: «Дәстүрлі гидродинамика жүйелері күрделі физикалық теңдеулерге негізделіп, көрсеткіштерді әдетте 6 сағатта бір есептеп шығарады», - дейді. Google жаңа технологияны Gemini чат-боты сияқты өз өнімдеріне кіріктіретінін мәлімдеді.
Тегтер #ЖИ #Google #WeatherNext 3 #метеорология #сағат #күн райы #синоптикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz