RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде бала туу көрсеткіші төмендеді

07.09.2026, 08:30 28

Биыл әлемдегі туу көрсеткіші алғаш рет халықтың табиғи өсімін қамтамасыз етуге қажетті деңгейден төмендеді. Бұл Terra Incognita: The Economics of a Shrinking World зерттеуінің нәтижесі.

Ғалымдар: «Халық санының табиғи түрде тұрақты сақталуы үшін бір әйелге орта есеппен 2,2 баладан келуі керек», - дейді. Алайда биылғыдай жаһандық төмендеу ешқашан болған емес. Соғыс пен пандемия кезеңдерінде де әлемдік туу көрсеткіші бұл деңгейден төмен түспеген. Дегенмен зерттеу авторлары әлем халқы бәрібір көбейе түстетінін айтады. Шамамен 30 жылда, яғни 2056 жылға қарай 9 млрд адамға жетеді. Ал 2080 жылдардың ортасында 10,3 миллиардқа жетеді. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz