RU
Толық нұсқаға өту

Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді

07.09.2026, 14:00 40

Қытай әскері Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Бұл туралы көрші елдің Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Цзянь Бинь мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы қазіргідей жаһандық геосаяси жағдайда тұрақтылықтың негізі болып отыр. Сонымен қатар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп тұрған ұйым. Ол өз сөзінде ұйым құрамындағы мемлекеттердің бұған ерекше мән беріп отырғанын атап, бірлесіп өткізілген іс-шараларды дәлел ретінде келтірді.

Цзянь Бинь, Қытайдың қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығы қарсаңында Қытайдың әскери күштері ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштерімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Қауіпсіздік – бұл даму мен өркендеудің негізі. Біз халықаралық ұйымның жаһандық қауіпсіздік жөніндегі бастамасын жүзеге асырып, маңызды платформаға айналдыру жолында барлық тараппен жұмысты жалғастыруға әзірміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz