Ертеңнен бастап Иранда жанармай бағасы екі есе қымбаттайды. Бұл шара айына шекті 110 литрден артық жанармай тұтынатын жүргізушілерге қатысты.
Енді бензиннің әр литрі үшін олар АҚШ долларымен есептегенде 4,5 цент төлеуі тиіс. Бұл туралы Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Фатеме Мохаджерани мәлімдеді. Иран Интернэшнл ((Iran International)) басылымының мәліметінше, Иранда күн сайын 15 миллион литр бензин тапшылығы сезіледі. Ал америкалық санкциялар мен теңіз блокадасы Ислам Республикасындағы экономикалық жағдайды одан әрі қиындатып отыр.
Тегтер #24KZ #Иран #жанармай бағасы #қымбаттауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz