Иран мен МАГАТЭ ынтымақтастықты тоқтатты. Өйткені ұйым мұндағы ядролық нысандарды тексере алмайды. Тегеран қажет ақпаратты бермейді, ішке кіргізбейді.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси осылай деп мәлімдеді. Мұны Иран тарапы да растады. Тегеран Вашингтон санкция және әскери қысымды тоқтатпаса, ешқандай келісім болмайды. Ал МАГАТЭ өкілдері: «Нысандарды бақылай алмасақ, Иранның ядролық әлеуетін бағалау қиынға соғады», - дейді.
Тегтер #Иран #МАГАТЭ #ынтымақтастық #ядролық нысан #атом энергиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz