Бангладеште бір күнде мың жарым адам денге безгегін жұқтырды. Оның төртеуі ауруханада көз жұмды. Бұл қазіргі кезде ең жоғары көрсеткіш. Ал билік қауқарсыз. Жыл басынан бері мұнда 42 мың науқас ем алған.
Жүзден астамы көз жұмды. Денге безгегі – маса арқылы таралатын вирустық инфекция. Дәрігерлер: «Жауын-шашын маусымы басталса, ауру тіптен көбейеді» деп қауіптеніп отыр. Қазір бұл елде денге безгегіне қоса қызылша да тарап жатыр.
Тегтер #денге #безгек #аурухана #науқас #вирустық инфекция #дәрігер #қызылшаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz