Франция теңізден шалғай аймақтарға кіру ережелерін қатаңдатады. Жаңа талаптар Гваделупа, Мартиника, Француз Гвианасы, Реюньон, Майотта және Француз Полинезиясына қатысты.
Бұл департаменттер мен автономиялық аймақтар Еуропадан тыс орналасқан. Сәйкесінше онда кіру үшін шетел азаматтары Шенгеннен бөлек, жеке виза рәсімдеуі қажет.
Кейінгі жылдары елге ағылған заңсыз мигранттар саны күрт артқан. Енді сарапшылар: «Бұл өзгеріс журналистер, зерттеушілер, құқық қорғаушылар және халықаралық ұйым өкілдерінің сапарын қиындатуы мүмкін», - дейді. Жаңа шектеулер туризмнің дамуын да тежеуі мүмкін.
Тегтер #Франция #Арал #виза #заңсыз мигранттар #туризмPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz