RU
Толық нұсқаға өту

ДДСҰ: Конгода 5 мың дәрігер жетіспейді

09.09.2026, 14:45 21

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетімен күреске 5 мың медицина қызметкері жетіспейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Алайда мамандармен бірге қаржы тапшылығы да күшейе түскен.

Індеттен зардап шеккен аймақтарға қорғаныш құралдары мен медициналық жабдықтарды жеткізуге 30 миллион доллар қажет. Қазір індет елдің алты провинциясына тараған. 

Деректерге сүйенсек, Эболаны 6 мың адам жұқтырса, олардың 3 мыңға жуығы қайтыс болған.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz