Колумбияның солтүстік-шығысында бірнеше күннен бері орман өртеніп жатыр. Қазірге дейін 3 мың гектар жер жанып кеткен.
Биліктің мәліметінше, өрт егістік жерлерді тазарту кезінде басталған. Өрт сөндірушілер жалынның биіктігі 10 метрден асатынын айтады. Қатты желдің кесірінен тілсіз жауды сөндіру қиынға соғып тұр. Осыған байланысты өрттің өзге аймақтарға таралу қаупі арта түскен.
Тегтер #өрт #орман #егістік жер #өрт сөндірушілер #жел #КолумбияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz