RU
Толық нұсқаға өту

Google ЖИ жобаларына €13 млрд салады

10.09.2026, 09:15 38

Google Финляндиядағы Жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға 13 миллиард еуро инвестиция салады. «Блумбергтің» хабарлауынша, жоба алдағы 2 жылға жоспарланған.

Осы уақыт ішінде компания 3 жаңа дата-орталық тұрғызып, Хамина қаласындағы жасанды зерде сервистеріне арналған нысанды кеңейтеді. Финляндия электр энергиясына қолжетімді және жүйесі орнықты ел ретінде таңдап алынған. Өйткені өте ауқымды ресурсты көтеруге Орталық Еуропа мен АҚШ-тағы желілердің күші жетпейді. Жаңасын салуға бақандай 7 жыл қажет. Оның үстіне, Финляндия компанияға таза атом энергиясын ұсынған. Ал Google мұнда 37 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, жыл сайын фин бюджетіне 3 миллиард еуро құяды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz