RU
Толық нұсқаға өту

Мұнай бағасы 100 доллардан асты

10.09.2026, 10:15 44

Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы өсті. Brent маркалы қара алтынның құны бір күнде 3 пайызға қымбаттап, баррелі 101 долларға саудаланып жатыр. Бұл мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

WTI маркалы мұнайдың бағасы да 3,25 пайызға өсіп, 96 долларға жетті. Жалпы биылғы жылдық өсім 65 пайызды құрайды. Бұл әлем бойынша жанаржағармай мен дизель бағасының өсуіне тікелей әсер етеді. 

Қазір Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталған жоқ. Ормуз бұғазындағы шиеленіспен қатар, Йемендік хуситтердің Сауд Арабиясына тиесілі теңіз порттарына шабуыл жасауы баға тұрақтылығына кедергі келтіреді.    

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz