Демократиялық Конго Республикасының Итури провинциясында 500 мыңнан астам адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды 24KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы аймаққа гуманитарлық көмекті шұғыл арттыруға шақырды.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, қарулы қақтығыстар, халықтың қоныс аударуы және азық-түлік тапшылығы Эбола індетімен күресті қиындатып отыр.
Итуриде 500 мыңнан астам адам азық-түлік қауіпсіздігі бойынша «төтенше жағдай» деңгейінде. Бұл – бес сатылы халықаралық жіктеу жүйесіндегі төртінші деңгей.
БҰҰ бағдарламасы әсіресе жетуі қиын аудандарға гуманитарлық көмек жеткізуді күшейту қажет екенін атап өтті.
Итури провинциясында Эболаға қатысты 246 күдікті жағдай тіркеліп, 65 адам қайтыс болған. Мамырда анықталған «Бундибугио» вирусына қарсы әзірге арнайы емдеу әдісі мен вакцина жоқ.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Конго #аштық #азық түлікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz