RU
Толық нұсқаға өту
Фото: apple.com

Apple алғашқы жиналмалы iPhone Duo смартфонын таныстырды

10.09.2026, 12:35 54

Apple кеше жаңа смартфондарын таныстырды. Компанияның биылғы тұсаукесеріндегі басты жаңалық – алғашқы жиналмалы iPhone. iPhone Duo деп аталатын құрылғы ашылған кезде 7,6 дюймдік экранға ие болады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа смартфон жиналған кезде сыртқы дисплей арқылы, ал ашылғанда үлкен ішкі экран арқылы пайдалануға арналған. Сыртқы экранының өлшемі – 5,4 дюйм. Құрылғыға A20 Pro процессоры орнатылған. Сондай-ақ Apple Pencil қолдауы қарастырылған.

Apple мәліметінше, iPhone Duo 2 ТБ-қа дейінгі жадымен ұсынылады. Құрылғының бастапқы бағасы – 1999 доллар. Алдын ала тапсырыс 16 қазанда ашылып, смартфон 23 қазанда сатылымға шығады.

Таныстырылымда компания iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max модельдерін де көрсетті. Екі смартфон да A20 Pro чипімен жабдықталған.

Жаңа Pro модельдерінің камера жүйесінде өзгерістер бар. Негізгі 48 мегапиксельді камераға жарық мөлшерін реттеуге мүмкіндік беретін айнымалы диафрагма қосылған. Apple бұл функция әртүрлі жарық жағдайында түсірілім сапасын реттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

iPhone 18 Pro-ның экран өлшемі 6,3 дюйм, ал Pro Max нұсқасы 6,9 дюймдік дисплеймен ұсынылады.  Apple мәліметінше, смартфондардың бастапқы бағасы сәйкесінше 1199 және 1299 доллар. Алдын ала тапсырыс 12 қыркүйекте қабылданады. Жаңа модельдерді 18 қыркүйектен бастап сатып алуға болады. 

Биылғы таныстырылымда базалық iPhone 18 моделі көрсетілген жоқ. Компания Pro сериясы мен алғашқы жиналмалы смартфонына басымдық берді. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz