RU
Толық нұсқаға өту

Гиннесстің рекордтар тізімі жаңартылды

10.09.2026, 15:30 58

Әйгілі кітап әлемнің түкпір-түкпірінде тіркелген бірнеше жоғары көрсеткішпен толықты. Олардың ішінде бойы 199 сантиметр алып жылқы бар. Ұлыбританияда өсірілген жануар шайр тұқымына жатады.

Ірі денесі, жуас мінезімен ерекшеленеді. Бұдан бөлек, көлемі бір бөлмедей болатын шаш кептіргіш елде жоқ құрал ретінде тізімге енді. Оны жасау үшін өндірісте қолданатын желдеткіш пайдаланылған. Ал жаңазелендиялық Эмма Филлипс 33 секунд тоқтамай үстелді аяғымен 77 рет айналдырған. Сондай-ақ бір адамға ғана арналған ең кішкентай автокөлік рекордтар тізіміне енді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz