RU
Толық нұсқаға өту

Дубайда бір адамдық электромобильдің жаңа түрі таныстырылды

10.09.2026, 15:45 45

Сағатына 45 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік қалаішілік жолдарға арналған. Кептелісте қалдырмайды. Төбесі толықтай жабық. Әмірлік нарығы үшін 15 мың долларға ұсынылып отыр.

Еуропада ойлап табылып, Қытайда шығарылған өнім жергілікті тұтынушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Өйткені басты артықшылығы – тар көшелермен жүйткиді. Қуатталу қондырғысы 70 шақырымға жарайды. 

Анрдреас Эуиг, электрлі көлік шығаратын компания басшысы:

- Бұл электромобильдің аккумулятор қондырғыларын жылдам ауыстыруға болады. Оны үйге алып кіріп, қуаттап, кейін қайта орнатасыз. Арнайы станцияларды шағын аудандарға қоямыз. Жүргізуші алысқа бармай, сол жерден қуаттайды. Мұны 16 жасқа толған балалар да тізгіндей алады.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz