Голан жоталарында қазақстандық саперлер 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясы аясында қызмет атқарып жүр. Олар қауіпті аумақтарды тексеріп, жарылғыш заттарды анықтайды және залалсыздандырады.
Мамыр айынан бері саперлер 15-тен астам операция өткізген. Нәтижесінде 350-ден астам жарылғыш зат жойылды. Сонымен қатар 1800-ден астам оқ-дәрі залалсыздандырылды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, барлық жұмыс қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Саперлердің міндеті – жауапкершілік аймағындағы қауіпті заттарды анықтап, жою.
Бұл жұмыстар Голан жоталарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Голан жоталарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz