RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ $6 млрд облигация сатып алуға ниетті

10.09.2026, 17:50 51

АҚШ Қаржы министрлігі ұзақ мерзімді мемлекеттік облигацияларды кері сатып алу көлемін 6 млрд долларға ұлғайтты. Бұл жоспарланған межеден үш есе көп.

Инвесторлар АҚШ-тың ұзақ мерзімді облигацияларын бұрынғыдай белсенді сатып алмай, жоғары кірістілігіне мән беретін болған. Осыдан облигациялардың құны өсіп, АҚШ-қа ұзақ мерзімге қарыз алу қымбатқа түсіп отыр. Сондықтан АҚШ Қаржы министрлігі нарыққа өзі сатып алушы ретінде кіруді шешкен. Үкімет бұл арқылы қарыз алу құнының одан әрі өсуіне жол бермеуге тырысып жатыр. Өйткені АҚШ-тың мемлекеттік борышы 40 трлн доллардан асады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz