Антониу Гутерриш Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы ретінде Бейбітшілік қоңырауын соңғы рет соқты.
Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Халықаралық Бейбітшілік күні қарсаңында дәстүрлі іс-шара өтті. Гутерриш әлемде кейінгі кезде қақтығыс пен зорлық-зомбылықтың айрықша көбейіп кеткенін қынжыла жеткізді. Оның айтуынша, жаһандық жанжалдарды реттеуге әлем елдері тарапынан жеткілікті түрде іс атқарылып жатқан жоқ. Бас хатшы көшбасшыларды дипломатияға, диалог пен келіссөздерге басымдық беруге шақырды.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Бейбітшілік қоңырауы жыл сайын бізге ең маңызды міндетті еске салады. Бейбітшілік ешқашан өздігінен орнамайды. Бұл жанқиярлық еңбекті талап етеді. Бірақ бүгінде осы бағыттағы қам-қарекетіміздің жеткіліксіз болып жатқандығы жасырын емес. Ащы болса да шындық. Қиянат пен алауыздық әлем қауымдастығын жікке бөліп, қақтығыстар уақыт өткен сайын тереңдеп жатыр. Мұның зардабын бүкіл адамзат тартып отыр. Мен әлем көшбасшыларын тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге шақырамын. Бұл менің соңғы қоңырауым. Бірақ мен үнемі бейбітшілікті жақтаймын.
Тегтер #24KZ #БҰҰ #Антониу Гутерриш #Бейбітшілік қоңырауы #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz